Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты

Шымкентте жол-көлік оқиғасының салдарынан 6 адам көз жұмды, тағы 15 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz.

IMG-20160919-WA0014-e1474289230388

Фото: телеканал ТВК

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан 6 адам мерт болды. Олардың арасында 2013 жылы дүниеге келген сәби бар. Ол облыстық балалар ауруханасында көз жұмды. Тағы да 15 адам түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр», – деді ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

2016 жылдың 19 қыркүйегінде 18 сағат шамасында Төлеби ауданының аумағындағы Алматы-Ташкент-Термез тас жолында маркасы «Форд-Транзит» және «Тойота-Виндом» автокөліктері соқтығысқан.

Оқиға орнында 1960 жылғы «Форд-Транзит» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 1965, 1970, 1971 жылдары туылған жолаушылары және 1987 жылы туылған «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі алған ауыр дене жарақаттары салдарынан көз жұмды.

IMG-20160919-WA0013-e1474289204741

16 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 2013 жылғы қыз есін жинай алмай, ауруханада қайтыс болды.

Болжам бойынша, зардап шеккендердің қатарында 2006, 2008, 2011 және 2012 жылдары дүниеге келген 4 бала бар. Сондай-ақ, микроавтобус қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін. Айта кетейік, аталған аймақта жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, автокөліктер бір ғана жолақпен жүруге мәжбүр.

Аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлеміне әкеп соққан іс-әрекет» қылмыстық іс қозғалды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде оқушы қызын жетектеген әйел бас киім ұрлап масқара болды (видео)

Алматының жезөкшелері “орын үшін” төбелесті (видео +18)

 

Алматы облысында жол бойында намаз оқып жатқан имамды көлік басып кетті

Талқылау