Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі аурухананы тарақан басқаны соншалық тоңазытқыштың ішінде өріп жүр (видео)

Күнгейліктердің жиі бас сұғатын, дертіне дауа болып, еміне шипа іздейтін бірден бір орын – №2 аурухана бүгінде тараканға толған. Ішер тағамының ішінен, жатар төсекте жыбырлаған жəндіктерді көрген емделушілер Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісіне бар мұңдарын шақты.

қоңызззз

Көрнекі сурет

Аурухананың гинекология бөлімінің емделушісі 24 жастағы Жұлдызай ем іздеп келіп ауру тауып қайтамын ба деп алаңдап отыр.

“Менің осы жерге келгеніме 4 күн болды. Аурухана деген аты болмаса, санитарлық талапқа мүлдем сай емес.

Алғашында тараканды көріп зəре-құтым қашты. Медбикелерге шағымдандым. Олар қолымыздан келер еш қауқар жоқ деп жауап қатады. Тамақтанып, ас бату былай тұрсын жату мүмкін емес. Қараңғы қалай түседі,солай жəндіктер тыпырлап шығады.

Айдың жарғымен қарасаң, сөре үсті, қабырғада жорғалап кетіп барады, тіпті ұйықтауға қорқасың”,-дейді Жұлдызай.

Бұл жағдайды аталған бөлімшенің аға медбикесі Фарида ханым жақсы біледі екен. Ол қоластындағылармен біріге отырып тарақандарды болдырмауға бар күшін салып жатқанын айтады.

“Таракандардың барын білеміз. Апта сайын сөрелердің ішін, əр палатаны мұнтаздай етіп сүртіп, тазалап отырамыз. Қолымыздан келгенді жасап жатырмыз. Азайып жатыр, алдағы уақытта толығымен жоямыз”,-дейді дәрігер.

Алайда, тек күндіз ғана болып жатқан сұмдықтың бір шетін ғана көретін аға медбикенің сөзін емделушілер растамай отыр.

Дəл осы бөлімшенің 6 палатасында ем қабылдаған Гулнур ханым 23 жаста. Шымкент қаласының тұрғыны. Талай ем алу мекемелерінің табалдырығын тоздырған ана бұрын соңды мұндай сұмдық ты көрмегенін айтады.

“Бас аяғы 10 күн емделіп емес осы жəндіктермен алысып шықтым десем де болды. Алған емің жайында қалады. Аптасына бір рет сүртіп шығатыны рас, алайда құр сөрелерді тазалағаннан олар көбеймесе азайған жоқ.

Неге аурухана басшыларының бірі болмаса бірі жəндіктерге қарсы дəрі не дизинфекция жасау дегенді ойына алмайды. Неше түрлі жарасы жанына батқандар келеді. Шыны керек ауруын умытып, таракан мен арпалысып кетеді көбісі.

Тыныштық пен дəруменді тағамдарды жеуді бұйырды дəрігер. Қайдан тыныштық болсын енді көз ілсең денең жыбырлап, жан жағың тыпырлап байыз таппайды сары жəндіктер. Ал келген тағамдарыңды сөреге салсаң, сол қаптаған жəндіктер мен бөлісіп жейсің. Ал асханасын ауызға алып айтпай ақ қояйын. Онда тіпті сорақы.

Тоңазытқыш ішіндегі болып жатқан жағдайды көзіңмен көрсең тіпті жүрегің айниды”,-дейді емделуші.

Осылайша ашыған емделушілер ауруханадағы жағдайды министрліктің назарына ұсынғылары келгенін айтты. Ал, аурухананың басқа да бөлімшелерінде(терапия, хирургия) жағдайдың қандай екенін сұрастырғанымызда ақ халаттылар міз бақпастан, еш саспастан “бізде дизинфекция жасалған, арнайы қытайдан шығарылған борларды сызып тұрамыз, қазір таракандар көрінбейді” -дейді.

Жарасы жанына батқан науқастардың бүгінгі жан айқайы осылай. Ауруханада жатып емделіп жатқандардың дені қазірге тарақан басқан жерде жіпсіз байланып тұрғандарын айтады. Себебі, жағдайы барлар ақылы емханаларға, үйлеріне кеткен. Мұнда қалғандардың барлығы барар жері жоқ болғандықтан жатыр.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте 600 миллионан астам теңгеге тұрғызылған спорт кешені жабылудың аз-ақ алдында тұр

Балаларды тек қазақ мектебіне беруге шақырған мұғалім жауапқа тартылмақ

Қызылордада әкімдік ғимаратын әкім деп «таныстырғандар» күлкіге қалды

Алматы автобустарында билетсіз жүрген жолаушыларды полицейлер жаппай ұстап жатыр

Талқылау