Шымкентте жаңа туған нәрестесін өлтіріп қоқысқа тастаған әйел Астанадан табылды
Шымкентте қоқыста өлі күйінде табылған сәбидің анасы ұсталды, деп хабарлайды Қазақпарат.
20 қазан күні Шымкентте қоқыс полигонынан жаңа туылған нәрестенің мәйіті табылды.
Күдіктінңі Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қылмыс жасаған келіншек сол Астана қаласынан табылды.
Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, не себепті тастағанын айтқан. Алайда ішкі істер қызметкерлері оның жауабын ашып айтпай отыр. Қазіргі таңда полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Сезікті әйел жақын күндері Шымкент қаласына жеткізетін болады.
Тағы да оқыңыз:
Талдықорғанда көз жұмған мұғалімнің әйелі тергеу мәліметтерімен келіспейтінін айтты
Қарағанды облысында билік өкілдері бір әйелдің еміне мемлекеттен 15 млн теңге бөлді
Қарағандыда полицей самбо әдісін пайдаланып, күдіктінің басын асфальтқа ұрған