Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте сәбиімен бірге жоғалып кеткен жас ана Алматыдан табылды

Шымкентте қолындағы кішкентай нәрестесімен бірге жоғалып кеткен жас ана Алматы қаласынан табылды. Бір тәулік бойы іздеуде болған ананың жағдайы туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабардар етті.

d0561856639cfe2b13f42668631a0650

“18 жастағы ананың баласымен бірге жоғалып кетуіне отбасындағы келіспеушілік себеп болған. Күйеуімен ұрысқан соң ол құжаттары мен ұлын алып ОШ қаласындағы тәтесінің үйіне аттанған. Жас ана және баланың денсаулығы жақсы”, – деп хабарлады Шымкент жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан желідегі аккаунтында.

Еске сала кетсек, ХуршидБану Мулажанова 21 қаңтар күні Шымкент қаласы Қарасу ықшамауданындағы үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Ол өзімен бірге алты айлық Марсел есімді ұлын алып кетіпті. Хуршида жақындарына медициналық клиникадағы сараптама қорытындысын алып келуге бара жатқанын айтыпты. Одан кейін оны ешкім көрмеген.

Жас ананың оқиғасын полицейлер қазір анықтап жатыр. Әйел Қазақстан азаматшасы емес. Ал оның анасы Ресейде тұрады екен. Әйел өз қызының жоғалып кеткені туралы күйеу баласынан білген.

Оқи отырыңыз:

Онсыз да сабағы көп оқушыларға тағы бір жаңа пән қосылмақ

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Мұғалім қазақстандық мектептерді тозаққа теңеп, ондағы былықтарды ашық баяндады

Ер адам туған бауырының жасаған қылмысы үшін 10 жыл бойы түрмеде отырған

Талқылау