Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Шымкентте өгей әкесі 5 жасар баласын ұрып өлтірді деп күдіктелуде
Шымкентте 22 жастағы ер адам 5 жасар баланың өліміне қатысы бар деп күдіктелуде. Ол бүлдіршіннің өгей әкесі екен.
Бұл туралы Otyrar порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
5 желтоқсанда қалалық полиция департаментінің кезекші бөліміне №1 облыстық клиникалық ауруханадан 5 жасар баланың өлімі туралы қоңырау түскен. Бала жан сақтау бөлімінде қайтыс болыпты.
Бала ауруханаға жеткізілген кезде туыстары оның екі қабатты төсектен құлап кеткенін айтқан. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала нәтижесі бойынша, бала қатты жарақат алғаннан қайтыс болған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-тармағына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен оның өгей әкесі тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.