Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте несиесін жабу үшін банк тонаған азамат сотталды

ОҚО-да бір банкті 2 рет тонаған 45 жастағы алматылық тұрғын сотталды. Кінәлі делінген Леонид Коломейцевті сот 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл турлы КТК арнасы хабарлады.

Бірінші ұрлығы: 2016 жылы банктің Алматы қаласындағы бөлімшесінде болған. 1 жылдан кейін сол банктің Шымкенттегі филиалын тонады.

Сол жерде видеоға түсіп қалды. Ұрының тым сабырлы әрекеті таңданыс тудырады. Жұмыс уақыты аяқталар кезде бетін бетпердемен тұмшалаған ол ғимарат ішіне кіріп, жарылғыш пакет лақтырады. Бөлімше іші түтінденген сәтте асықпастан кассаға кіріп 16 миллион теңге, 23 мың доллар және 85 мың рубль алып кеткен.

Ол ұрлаған ақшасын басқа банктегі депозит шотына аударған. Шымкентте ашқан шотына 13 миллион 776 мың теңге ақшаны 21 мың 100 долларды және 85 мың рубль салған.

“Ол 2017 жылы Каспи банкінен алған несиесін жапқан”, – дейді ОҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот судьясы Сәмиддин Темірәлиев.

Банк қызметкерлері “дабыл тетігін” дер кезінде басқанымен, тонаушы оп-оңай кетіп қалды.

Банкке өз үйіндей кіріп, асықпай тонауына себебі осыған дейін Леонид Коломейцев Алматыдағы бөлімшеде 3 жыл инкассатор қызметін атқарған. Яғни мұндағы жүйені жақсы білетіндіктен, тонау қиынға түспепті. Сот барысында ол қылмысын толық мойындап, өкінетінін айтты.

Тағы оқыңыз:

Америка банкіндегі Қазақстан қаржысы бұғаттан босатылды

Мәжіліс төрағасы орысша баяндама жасайтын шенеуніктерге қазақша сөйлеген депутатты үлгі етті

Өзбекстан билігі Ақтөбедегі автобус өртінің себептерін атады

Астана мектептерінің бірінде жыныстық қатынасқа түсу жолдарын үйрететін парақшалар таратылған

Алматы облысында бір айдан бері көмір отыны тапшы

 

Талқылау