Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте құлдықта болған бойжеткен құтқарылды

Шымкентте тәртіп сақшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері құлдықта болған бойжеткенді құтқарды. Алматылық аруды жеңгетайлар ұзақ уақыт ұрып-соғып, бір бөлмеде қамап ұстаған.

e1976c7cbdd291ca0ca6ee18c807f700_L

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.

Жас қыз амалдың жоқтығынан алаяқтардың айтқанына көніп келген. Іске орталық қызметкерлері араласып, оны күдіктілердің қолынан босатып алды. Жәбірленушіге заңгерлер мен психологтар тегін кеңес беріп жатыр. Қоғамдық ұйымның адам саудасына қатысты жасаған жобасы үздік деп танылды.

Үкіметтік емес ұйымның әлеуметтік бастамасына мемлекет қаржылай қолдау да көрсеткен. Соның арқасында іскер қыз-келіншектер өзгенің қолынан жәбір көрген 24 азаматқа көмектесіпті. Оның арасында құлдыққа жегілгендер мен зорлық көргендер де бар.

“Мен тіпті есік алдына шығуға қорқатынмын. Түнде ұйқыдан қалдым, қорқынышты түстер көретінмін. Орталық қызметкерлері, әсіресе психолог көбірек қол ұшын созуда. Жуырда оқып қолыма массажист деген сертификат алдым. Енді ел қатарлы жұмысқа тұрып, жаңа өмір бастасам деймін”, – дейді жәбірленуші Виктория.

“Бұл жоба дәл қазіргі уақытта өте қажет деп ойлаймын. Өйткені бізде осындай жағдайға душар болып, ортадан қол үзіп қалатын жандар көп. Олар өз күшімен қоғамға орала алмайды. Осы жобаның арқасында біз күні бүгінге дейін, яғни 2016-2017 жылдары 24 азаматты өз ортасына қайтардық”, – дейді «Сана-сезім» әйелдер бастамалық-құқықтық орталығының вице-президенті Шахноза Хасанова.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Елімізде терроризм туралы ақпарат айтқан адамға 2 млн теңге төленеді

Астанада аялдамаға «Қазақтарды итше өлтіру керек» деп жазып кеткендер жұрттың ашуын келтірді

Қайтыс болған адамның зейнетақы қоры мұрагерлікке кімге және қалай беріледі?

Талқылау