Шымкентте ер адам көршісінің ұлын зорламақ болды
16 жастағы жасөспірімді зорламақ болған азамат ұсталды. Оқиға 18 қазан күні кешкі уақытта Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.
Куәгерлердің айтуына қарағанда ішімдік ішкен 43 жастағы азамат 16 жастағы көршісінен үйіне жеткізуін өтініпті. Ештеңеден күдіктенбеген бозбала оны пәтеріне алып барған. Осы кезде күдікті қолына пышақ алып, баланың шешінуін талап еткен, деп хабарлайды tvk.
“Шымкент қаласының тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекет жасағанын айтып арызданған. Аталған арыз бойынша ҚР ҚК 121 бабы 3 бөлігі 3 тармағыменқылмыстық іс тіркелді”, – Әл-Фараби ПБ тергеушісі Жасұлан Егемберді.
Бұл ақпарат полиция бөліміне келіп түскеннен кейін, тәртіп сақшылары ұстау шараларына кіріскен. Сөйтіп, көрсетілген мекен-жай бойынша 1974 жылы туылған азамат анықталып, құрықталған. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды.
Сондай-ақ, осы іске қатысты ҚР ҚК 121 бабы 3 бөлігі 3 тармағы «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды сипаттағы іс-әрекет жасау» бабымен қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалған. Қазіргі таңда соталды тергеу амалдары жүргізілуде.
Тағы да оқыңыз:
Жол апатынан соң миына қан құйылып, құр сүлдесі қалған жігіттің анасы халықтан көмек сұрайды
Сарапшы: Атамбаев Жээнбековтің аяғына тұсау болуы мүмкін
Қазақстанда алимент қарызын төлемегендер көлік жүргізу куәліктерінен айырылатын болды