Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам 15 жыл отасқан әйелін буындырып өлтірді

Шымкентте 15 жыл отасқан әйелін заңды күйеуі өз қолымен буындырып өлтірді,-деп хабарлады Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.

күйеуі
Күйеуінің әйелін азаптап, буындырып өлтіргеніне отбасының жақындары мен көршілері алғаш естігенде сенбеген. Себебі, сыпайы адамдарға сырттай жұрт қызыға қарайтын. Олардың төбелеспек тұрмақ, бір-біріне дауыс көтеріп сөйлегенін осы күнге дейін ешкім көрмеген екен.

2002 жылы шаңырақ көтеріп, 15 жыл отасқан ерлі-зайыптыны жоқшылық жеп, тірліктің тауқыметін тартты деуге де келмейді. Құқық қорғау органы өкілдерінің сөзіне сенсек, отбасының материалдық жағдайы өте жақсы, бақуатты болған.

Қырық жастағы ер азаматтың 35 жастағы әйелін буындырып өлтіруінің себептерін құзырлы орындар тергеп, тексеріп жатыр. Бір анығы- олардың ортақ балалры жоқ екен.

Оқи отырыңыз:

Қазақ қызы: Ер адамдарға қол беріп амандаспайтынымның себебі – тазалықта

Қайрат Нұртас: Орысша еркін сөйлеймін. Өйткені, Алматыда 27 жыл тұрдым

Димаш орындаған кезекті саундтректің бейнебаяны шықты (видео)

Eastern Airlines ұшағында Димаштың портреті бейнеленбек

Талқылау