Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әйелді қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр

Шымкент орталығындағы Темірлан тасжолында қайғылы жағдай орын алды. Таңертеңгі уақытта белгісіз жүргізуші шамамен 30-35 жастағы әйелді қағып, оқиға орнынан ізім ғайып жоқ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170808212734

Оқыс оқиға таңғы сағат 5.30-дар шамасында болған.

Әйелді қаққан жүргізуші қашып кеткендіктен, жедел жәрдемді өзге жүргізушілер шақыртыпты. Өкінішке қарай, әйел алған жарақат салдарынан ауруханаға барар жолда жан тәсілім еткен.

Ал полицейлер оқиға орнынан әйелді қаққан көліктің сынықтарын тауып алды. Болжам бойынша, сынықтар «Ваз-21014» көлігіне тиесілі болуы мүмкін.

Енді ҚР Қылмыстық кодексінің екі бірдей бабы бойынша (345 – «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347- «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу») қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, адам қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ақтау тұрғыны жүгіруге шыққан жас қызды зорлап кеткен

БҚО-да бес баланың анасы асылып қалды

Алматы облысында Toyota көлігі аударылып, екі адам көз жұмды

Алматыда тапатал түсте көлік көп жүретін тас жол опырылып түсті

Талқылау