Шымкентте әкесі мен қызын өз үйінде өлтіріп кеткен сол үйдің баласы болып шықты
Шымкентте қорқор мен темекі сататын кәсіпкерлер отбасын кеше бәзбіреулер пышақтап кеткен туралы мәлімет тарап кеткен еді. Полицейлер күдіктіні бірден ұстаған. Күдікті сол үйдің ұлы болып шықты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Иә, қария мен оның қызын пышақтап тастаған сол өлген әйелдің 24 жастағы баласы болып шықты. Ал оның нағашы атасы мен анасының денесін көршілері көріп, полицейлерге хабар берген екен.Ішкі істер департаментіндегілер жас жігіттің мұндай қаныпезерлікке не үшін барғанын білмейтінін айтуда. Анығы сол, қылмыс өткен соң көп ұзамай ұсталған қаскөй кінәсін бірден жайып салған. Қазір, бұл іске қатысты «кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
“Криминалисттер жұмысын атқарған кезде жәбірленушілер көптеген пышақ жарақатын тапқан. Соның салдарынан екі азамат қаза болған. Күдікті ретінде 1994 жылы туған азамат қамауға алынды. Ол сол жәбірленушінің баласы болып келеді”, – дейді ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Қанды қырғын болған үйге барғанбыз. Полицейлер баспананың маңайын қоршап, есікті мөрлеп тастаған. Дәл тілшілер барған сәтте күдіктінің өзін үйге әкеліп жатыр екен. Бірақ тәртіп сақшылары оқиға орнына журналистерді жолатпай қойғандықтан, өлтірді деген азаматты көре алмадық. Туыстары болса мүлдем сөйлеуге құлықсыз. Көршілері марқұмдардың осы үйге жуырда ғана көшіп келгенін айтады. Ал, 24 жастағы баласы тіпті үйлену тойына дайындалып жүрген екен.
“Көршілердың айтуынша, әлгі жас жігіт анасы мен нағашы атасын өлтіріпті-міс. Ал күдіктіні полицейлердің тек бір іш киіммен ғана үйден алып шығып жатқанын өз көзіммен көрдім. Үсті-басының бәрі қан еді. Жұрттың айтуынша, анасы мен атасын өлтіргенін мойындаған көрінеді”, – дейді көршісі Петр Кривцов.
Марқұм әйелдің туыстары оның осы үйде баласымен бірге тұрғанын айтады. Ол үш қыздың ортаншысы болған екен. Ал, марқұм нағашы атасы Түркістаннан қыдырып келген. Олардың денесі бүгін жерленді.
Тағы оқыңыз:
Өскеменде ойыншық тапаншамен дүкеннен 8 мың теңге ұрлаған тонаушылар видеоға түсіп қалған
Оралман терминінен бас тарту: Шешімді арнайы комиссия қабылдайды
Оралда су тасқыны: Ата-аналар балаларын мектепке көтеріп апарып жүр (фото, видео)
Қызғаныштан кастрациялаған: Айыпталушы қанша жылға сотталуы мүмкін
Шымкентте халықты улаған балмұздақ дүңгіршегінің екі қызметкерінен сальмонеллез қоздырғышы табылды