Шымкент тұрғыны Кореяда қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды
Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп барған отандасымыз қамауға алынды. Шымкенттен аттанған 23 жастағы Аманат Жұмашқа қыз зорлады деген айып тағылып отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Кореяға биыл ақпанда барған отандасымыз жалданып түрлі жұмыстар жасап жүрген. Алыс шетелге жол жүруге анасының обыр дертіне шалдығуы себеп болған екен. Анасын емдету үшін көп ақша табу мақсатында кеткен Аманат тілді де білмейді екен. Шекараны заңсыз асқаны да мәселені қиындатып отыр. Өйткені қамауға алынған қандасымыздың ақталатын сөзін тыңдап, жанындағы жолдастарының куәгерлер ретіндегі түсініктерін де тіркеп жатқан ешкім жоқ екен. Аманат Жұмаштың туыстары енді Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктен көмек сұрап, өздері Оңтүстік Кореяға аттану үшін ақша жинап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Қазір заң да танысы бардың жағында: Ақтөбе тұрғыны сот орындаушыларынан қысым көргенін айтты
Жаратылысынан ерекше белгімен туылған жануарлар (фото)
Астанадағы орыс театры “Зың-зың” әніне ролик түсірді (видео)
Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры жаңа жылға дейін шешіледі