Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны бүлдіршінді күрекпен басынан аяусыз ұрып тастады (видео)

Шымкентте баланың басынан күрекпен ұрған қатыгез тұрғын  іздестіріліп жатыр.

12-4-1024x680

Бейнежазба WhatsApp әлеуметтік желісіне тарап кетті. Жергілікті телеарналардың бірі оқиға Шымкент қаласына қарасты 11-ші мөлтекауданында түсірілген деген болжам жасауда. Бұл туралы видеоны арнаға жолдаған оқиғаның куәсі жазып жіберген. Бейнежазбада ер азамат 4-5 жас шамасындағы баланы бір-бірінің үстіне қаланып орнатылған көлік дөңгелектерінің ішіне тұрғызып қойып, басынан күрекпен ұрып жатқаны түсірілген.

Ал шарасыз бала қорғанып, басын қолымен жабуға тырысады. Ал оқиғаның куәсі болып тұрған әйел балаға көмектесуге құлықсыздық танытқан. Қалай болғанда да балдырғанды күрекпен сабаған тұрғынды енді полицейлер іздестіріп жатыр.

«Бейнетүсірілімді полиция қызметкерлері қарап шықты. Қазір тәртіп сақшылары баланы ұрып жатқан азаматты іздестіруде. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шара қолданылады. Ол жайында қосымша хабарлайтын боламыз», – деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Тағы да оқыңыз:

АҚШ-та ер адам жасамаған қылмысы үшін 24 жыл түрмеде отырған

Астана мешіттерінде бір ай бойы ауызашар беріледі

Алматыда тапа-тал түсте банкке шабуыл жасап 30 секундта 15 млн теңгені қолды қылды

Талқылау