Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі “Бәке, Сәке” деп түрлі өтініш айтып көмек сұрайтындардан шаршағанын айтты

Шымкент әкімі  Ғабидолла Абдрахимов «Мотор» ойын-сауық орталығында жастармен кездесу барысында «Бәке, Сәке» деп түрлі өтініш айтатындардан шаршағанын айтты.

gabidulla-abdraximov-v-kresle-akima-shymkenta-uzhe-god-12576-1

Бұл туралы “КаzINFO Today” хабарлайды.

«Жақында жұмысыма бір кісі баласын ертіп келіп, оны жұмысқа орналастыруымды өтінді. Егер баласы оқуды жаңа бітірген болса, түсінер едім. Алайда, ұлы меніңмен жасты. Жасы 40-тарда. Менің құрасым. Сосын одан әкеңді пайдалануға ұялмайсың ба деп сұрадым. Дайынға жүгіретіндерді ұнатпаймын. Сондықтан оны жұмысқа алмадым. Сол үшін әкесі ренжіп, есікті тарс жауып кетіп қалды. Енді тойға шақырмайтынын айтты. Маған сондай той-жиындар мүлде ұнамайды. Бара қалсаң, бәрі өтініш айтуға, көмек сұрауға дайын тұрады», – дейді әкім.

Әкім өзінің ешқандай парасыз, конкурстан өтіп жұмысқа қабылданғанын айтты. Содан бері абыроймен қызметін атқарып келе жатқанын атап өтті.

Одан бөлек әкім ұзын-сонар жиналыстардан шаршағанын еске салды.

«Мен «Болашақ» бағдарламасымен Германияда оқығанымда ол жақтың әкімдері жұмысқа джинсы шалбар киіп келе беретін. Өздері велосипедпенжұмысқа барады. Кімнің әкім, кімнің қарапайым адам екенін айыру қиын. Ол жақта ешкім әкімнің әрбір қадамын аңдып отырмайды», – дейді ол.

«Мен салауатты өмір салтын ұстанам. Жұмысқа кейде велосипедпен барам. Нашар жолдарды байқасам, жауапты адамдарға жөндеуді тапсырам», – дейді Абдрахимов.

Жіберіп алмаңыз:

Сауд Арабиялық жеткіншек ғаламторда америкалық қызбен қырындап сөйлескені үшін түрмеге отырмақ (видео)

Қытайда қалыңдық ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат еткен (видео)

114 жастағы қытайлық әйел өзін құлай сүйген адамына тұрмысқа шықты

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

Талқылау