Шығыс Қазақстанда бойжеткен жүріп бара жатқан пойыздың астына түсті
9 қазан күні 21 жастағы қыз жүріп бара жатқан пойыздың астына түскен. Зардап шегуші оқиға орынында қайтыс болған.

Фото: kvedomosti.com
Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.
Қайғылы оқиға Жоламанов ауданында таңғы уақытта болған. Алдын-ала дерек бойынша қыз теміржол жолақтарының бірінде болған және қозғалып бара жатқан пойыз астына өзі барып түскен. Құқық қорғау органдары төтенше жағдайды растады.
“Қазіргі таңда біздің қызметкерлер аталмыш әрекетті қыз өз еркімен жасады ма, әлде осы қадамға біреу итермеледі ме деген сауалды зерттеп жатыр”, – деді Семей бекетіндегі ішкі істер бөлімінің өкілі.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"