Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда араққа тойып алған әкесі үш жастағы ұлын ұрып өлтірді

Шығыс Қазақстанда араққа тойып алған әке үш жастағы ұлын өлімші етіп сабап, бес жастағы қызының бұғанасын сындырған.

ietvaxhqtovzhtjk

Бұл қайғылы оқиға Тарбағатай ауданында болған. Жалпы, Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 33 отбасылық-тұрмыстық зорлық деректері тіркелген. Бұл жағдай туралы жергілікті полиция қызметкерлерімен кездесуде ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлықтан қорғау тобының аға инспекторы Бақытгүл Қалиева мәлімдеді.

Бақытгүл Қалиеваның сөзінше, үйіне ішіп оралған әкесі отбасы мүшелеріне тиісе бастаған. Оның әйелі мен төрт баласы бар екен.

“Екі баласын ерткен анасы үйден қашып шыққан, бірақ басқа бөлмеде кіші баласы ұйықтап жатыпты. Оны көрген әкесі ұлын төсекте жатқан күйінде ұра берген. Бала ауруханада 10 күн жатқаннан соң қайтыс болды. Ал қызының бұғанасы сынған. Ер адам уақытша тергеу изоляторына отырғызылып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды”, – деді Бақытгүл Қалиева.

Полиция мәліметінше, отбасылардағы осындай тұрмыстық зорлық-зомбылықтар негізінен алкогольді ішімдік кесірінен туындайды екен.

Талқылау