Швейцарияда паранджа мен никабқа тыйым салатын заң күшіне енді
2025 жылдан бастап Швейцария билігі қоғамдық орындарда бетті толығымен жасыратын киімдер, оның ішінде паранжа мен никабты киюге тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Швейцарияда көшеде паранджа немесе никабпен жүретіндерге 100-ден 1000 швейцариялық франкке дейін (57мыңнан 577 мыңға дейін) айыппұл салынады.
Швейцария халқы 2021 жылдың наурыз айында өткен референдумда дауыс берді. Ол кезде сауалнамаға қатысушылардың 51,2%-ы тыйымды қолдады. Бұрын бұл шектеу Сент-Галлен және Тичино кантондарында аймақтық деңгейде ғана қолданылған.
"Тыйым никаб пен паранжа сияқты діни киімдерге, сондай-ақ футбол жанкүйерлері киетін балаклавқа қатысты болады. Енді оларды дүкендерде, мейрамханаларда, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық көліктерде киюге тыйым салынады. Ал ғибадат орындарында, карнавалдарда немесе суықтан қорғану үшін киюге болады", – делінген хабарламада.
Швейцария президенті Карин Келлер-Саттердің айтуынша, бұл тыйым Швейцарияда тұратын 400 мың мұсылманның аз ғана бөлігіне ғана әсер етеді. Елде никаб киетін 20-30-ға жуық әйел ғана дейді.
Мұндай тыйым Аустрия, Бельгия, Болгария, Дания және Нидерланды бар. Франция бірінші болып 2011 жылы бетті жасыратын киім киюге тыйым салды.