Швейцарияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір пайдалануға берілді
Швейцарияның Вале аймағында әлемдегі ең ұзын аспалы көпір пайдалануға берілді.
Бұл туралы шетелдік БЕЛТА басылымы хабарлады.
Жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің ұзындығы 500 метр. Оған құрылыстың бас демеушілерінің бірі – Чарльз Куоненнің есімі берілген.
Көпір жерден 80 метр биіктікте орналасқан. Ал оның жалпақтығы 65 сантиметрді құрайды. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, көпірді салуға шамамен 750 мың доллар жұмсалған.
Жіберіп алмаңыз:
Ресейде Орталық Азияның 7 тумасы терактіге қатысты күдікпен ұсталды
Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримова тұтқынға алынды
Қытайлық әйел несие төлемеу үшін өзіне пластикалық ота жасатқан
Қытай циркінде жолбарыстарды аттың үстіне мінуге мәжбүрлейді (видео)
Талқылау