Швейцария асыра байлыққа салық салмайтын болды

Фото: Ru.freepik.com
Швейцарияда 50 миллион швейцар франкіне (шамамен 32 миллиард теңгеге жуық) және одан да көп мұраға 50 пайыздық салық салу ұсынысы басым көпшілік дауыспен қабылданбады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұраға 50 пайыздық салық салу ұсынысына сайлаушылардың 78 пайызы қарсы шықты. Бұл нәтиже тіпті сауалнамалардағы үштен екі дауыстан асып түсті.
Швейцарияда әлемдегі ең қымбат қалалардың кейбірі орналасқан. Сол себепті жергілікті саясатта қымбатшылық мәселесі әлі де өзекті. Солшыл социал-демократтардың жастар қанаты ұсынған бастама климаттың өзгеру әсерін азайту жобаларын қаржыландыруға бағытталған.
Бастаманы сынағандар бұл салық бай адамдарды Швейцариядан кетуге мәжбүрлейтінін, жалпы салық түсімдерінің азаюына әкелетінін айтты. Швейцария үкіметі сайлаушыларды ұсынысты қабылдамауға шақырды.
Бұрын Норвегия мен басқа елдер байлыққа салынатын салықты қатаңдату немесе осыған ұқсас ұсыныстарды талқылаған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды