Швецияда өткен гей-парадта Қазақстан азаматтары көк туды алып шықты (фото)
5 тамыз күні Швеция астанасы Стокгольмде жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі гей-парад өтті. Оған Орталық Азия елдерінің өкілдері, оның ішінде қазақстандықтар да қатысты.
Парад барысында алты бірдей азамат Қазақстан туын алып шықты. Сондай-ақ, еліміздің символикасын білдіретін тағы бір жалау қала тұрғындарының назарын аударды.
Ал көгілдір болғаны үшін елдің қудалауына ұшыраған Қазақстан азаматы Олег Иванов желіде гей-парадтан тікелей эфир жүргізді. Естеріңізде болса, ол жолдасымен бірге Швецияға қашып кеткен болатын.
Тікелей трансляция Periscope желісіндегі Gay Kazakhstan каналында жүрді және оны 300-ден аса жан тамашалаған.
Аталған шеруге қырғызстандық азаматтар да қатысты. Олардың бірі қазақстандық ағайындарын қолдауға келгенін тікелей эфир кезінде мәлімдеді.
Бұл ретте пікір қалдырушылар арасында көгілдір жігіттерді қолдағандар да, даттап, ұрысқандар да болды.
Ал Олег Қазақстан туын елге жеккөрінішті боп көріну үшін емес, керісінше, халықтың ықыласына бөлену үшін алып шыққанын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Ақмола облысы әкімдігі 60 миллион теңгеге көлік алған
Астанада бейтаныс жігіттер терезеге шығып алған бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)
Астанада жалғыз қыдырып жүрген жерінен табылған қыздың туыстарына іздеу жарияланды
Ақысына 2 бөлмелі пәтер берем деген Қарағанды тұрғыны суррогат ана іздейді