Шүберек қуыршақтың әйелі одан төртінші “баласын дүниеге әкелді”
Фото: needtoknow.co.uk
Бразилия тұрғыны Мейривоне Роча Мораес шүберек қуыршақ күйеуінен төртінші бала сүйгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Need To Know-ға сілтеме жасап хабарлайды.
39 жастағы Мейривоненің айтуынша, ол 22 желтоқсанда Марсело есімді қуыршақтан ұл туған. Әйел сол күні ауырсынумен оянғанын айтады. Түскі ас дайындау үшін тұрған сәтте, оның сөзінше, “суы кеткен”. Ол Марсело шынымен көмектеседі деп сеніп, жедел-жәрдем шақыруды өтінген. Ал өзі дәретханаға баруды ұйғарған.
“Унитазға отырған сәтте қатты ауырсынуды сезіндім де, сол жерде бала туды”, – дейді Мейривоне.
Унитаздың ішіне тағы бір шүберек қуыршақ түсіп кеткен, оның басы бірден су болып қалған. Әйел “баласының” аяғы сынғанын, алайда қалған жағынан дені сау екенін алға тартты. Ол оған Робсу деген есім қойған.
Мейривоненің айтуынша, оның Марселомен де үш баласы бар. Марселиньо атты ұлы және Марсела мен Эмилия есімді егіз қыздары. Олардың барлығы – шүберек қуыршақтар.
Бұған дейін Мейривоне төртінші “баланың” өзі мен шүберек күйеуі үшін соңғысы болатынын айтқан. Бұдан кейін Марсело вазэктомия жасатуға тиіс. Алайда бұл процедураның қуыршаққа қалай жасалатыны белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін жігіттерден көңілі қалған әйел ChatGPT көмегімен жасалған күйеуге тұрмысқа шыққаны хабарланған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар