Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шүберек болғасын сөгіледі": Шаһизада "жыртық көйлекке" қатысты пікір білдірді

Белгілі журналист, “Дау-дамайсыз” бағдарламасының авторы Жазира Бегалы “жыртық” киім сатып отырған әнші Шаһизадаға ренжіген еді. Өнер иесі жауап беріп, тұтынушыдан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/shahizada.art/

Өнер иесінің айтуынша, көйлек жап-жаңа, тұтынушылар киіп көргенде сөгіліп кеткен көрінеді. 

“Қыздар, біздің дүкендегі киімдердің бәрі сапалы. Қызыл көйлек бүкіл Қазақстанға тарап, айқай-шу боп жатыр екен. "Жыртық көйлек сатты" деген әңгімені айтамын. Шүберек болғаннан кейін ондай-ондай болады. Дүкенге толық әйел де, арық әйел де келеді. "Сізге сыймайды" дегеніңе қарамай киіп көреді. Содан артындағы жібі сәл сөгілген. Мысалы, кеше Жазира деген ханымның балалары осы 50 мың теңгелік көйлекті 20 мың теңгеге жеңілдікпен алған екен. Өзі бір дана қалған соң жеңілдікпен сатуға қойдық. Енді соны айқайлатып, "жыртық" көйлек деп салыпты. Бұл көйлек жыртылмаған, артқы жағы кішкене сөгілген. Жеңілдікпен алған соң 2-3 мың теңгеге тіктіре салуға болады ғой. Кеше осы көйлекті ұнатып бір қыз алайын деп еді, өлшемін таппай кетті", – деді әнші.



Әншінің айтуынша, журналистің әрекеті танымал адамның арқасында контент жасап, лайк жинап алатын адамның қылығына ұқсап кеткен. 

“Мен соншалықты жыртық киім сататындай ақымақ адам емеспін. Қазақстанға әйгілі әншімін ғой. "Жыртық киім сатты" дегенде намысым келді. Жыртық ештеңесі жоқ, сөгілген. Кез келген киім сөгіледі, өйткені бұл – шүберек. Соны соншама даурықтырып, бүкіл әлемге жайып жіберді. Түсінем, енді сондайдың арқасында контент жинап, лайк жинайтын, біреулердің арқасында нан табатын, пікір жинайтын адамдар бар ғой. Мен сондайға түсіп қалған екенмін. Кешірім сұраймын, өзінен де кешірім сұрадым. Сонда да ренжіп қалған көрінеді", – деп ақталды өнер иесі. 

Еске салайық, журналист балаларын алдаған дүкен иесіне ренжігенін жазған едік. 
 

Талқылау