Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шри-Ланкада экстремалды ауа райы салдарынан қаза тапқандар саны 607 адамға жетті

шри ланка су тасқыныФото: © Getty Images / NurPhoto/Krishan Kariyawasam

Циклон "Дитва" туындатқан қолайсыз ауа райы салдарынан Шри-Ланкада қаза тапқандар саны 607 адамға жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Шри-Ланкадағы төтенше жағдайлар орталығының деректері бойынша, тағы 214 адам хабар-ошарсыз жоғалған деп есептелуде, ал стихия елдегі 586 464 отбасыдан тұратын 2 миллионнан астам адамға әсер еткен. 4164 үй қираған, ал 67 505 үйге ішінара зақым келген.

Сонымен қатар Шри-Ланка метеорология департаменті 9-11 желтоқсан аралығында солтүстік-шығыс муссондары әсерінен кей аймақтарда жауын-шашын мөлшері артуы мүмкін екенін ескертті.

Шри-Ланка Ұлттық құрылыс және зерттеу ұйымы да Канди, Кегалле, Курунегала, Матале және Нувара-Элия аймақтарында жер үйінділері қаупіне байланысты үшінші деңгейлі ескерту жариялады.


Оңтүстік-Шығыс Азияда сел мен жер сілкінісінен 500-ден астам адам қаза тапты


"Адамдар төбелерде отыр": Қазақстандық Вьетнамдағы жеті адам қаза тауып, бір адам жоғалған су тасқыны туралы айтты (видео)


Еске салайық, бұған дейін Шри-Ланкада 26 қарашада "Дитва" циклоны салдарынан 20 жыл ішінде болмаған ірі су тасқыны болды. Елдің солтүстік және орталық аймақтарында қауіп деңгейі өте жоғары деп жарияланып, 132 адам қаза тауып, 176 адам хабар-ошарсыз кеткен еді. 44 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланып, төтенше жағдай режимі енгізілді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 11:23