Шоқан Маратұлының сүйіктісіне әзірлеген сыйы аруларды тәнті етті
“All Давай” тобының әншісі Шоқан Маратұлы көктемнің ең алғашқы шуақты мерекесіне дайын. Ол көлігін құшақ-құшақ гүлге толтырып, сүйіктісі мен анасын қуантуға аттанды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші желіге жақындары мен сүйіктісіне арнап алған сыйлықтарын жүктеп қойды.
“8-наурызға дайынмын”, – деп бөлісті ол.
Ал желідегі нәзік жандылар Шоқанның ел қызығатындай күйеужігіт болатынын айтып жатты. Олар Шоқан сияқты жігітті армандайтындарын жасырмады.
“Мен де осындай гүл қалаймын”, “Иә, қыз қызығатындай жігіт”, “Маған алдың ба? Ертең ұшып келемін”, “Міне, нағыз ер азамат”, “Гелен бар, енді келін де табылған шығар”, “Ер адамдарға үлгі”, “Нағыз джентельмен”, – деп тамсанды олар.
Айта кетейік, жуырда Шоқан досымен бәстесіп, небәрі 2 айдын ішінде Гелендваген автокөлігіне қол жеткізді. Сонда әнші “алдымен гелен, сосын келін” деген болатын. Көпшілік оның бұл сөзін қалжыңға балағанымен, шын мәнінде олай емес көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмахан кішкентай Томириспен бірге “Қыз арманы” атты клип түсірді (видео)
Димаштың ханзада кейпіндегі портреттері желіні “жаулап алды” (фото)
Жұлдыз Өмірғали “КешYou” тобынан кетуінің себебін ашып айтты
Ләйлә Сұлтанқызы тұңғыш рет өзінен аумай қалған ұлын көрсетті (фото)