ШҚО тұрғыны парақорды ұстап беріп, миллионер атанды
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны пара туралы хабар беріп, 4 миллион теңгеге ие болды. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері берілген ең жоғары сыйақы осы, деп хабарлайды Stan.kz Экспресс-К басылымына сілтеме жасап.
Тағы бес азамат орташа есеппен 100 мың теңгеден сыйақы алды. Айта кетейік, Қазақстанда былтыр жемқорларды ұстап берген азаматтарды ынталандыру жүйесі енгізілді.
"Параның немесе келтірілген залалдың соммасы 1 000 АЕК-дан аспайтын болса, хабар берген азамат қылмыстың ауырлығына қарай 30 бен 100 АЕК аралығында сыйақы алады.
Ал 1 000 АЕК-дан асатын пара жайлы хабар жеткізсе, сыйақының көлемі 10%-ды құрайды, бірақ 4 000 АЕК-дан аспауы тиіс. Мысалы, егер пара немесе келтірілген залал құны 50 миллион теңге болса, хабар берген адам сот шешімі шыққаннан кейін 5 миллион теңгеге ие болады", – деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.
Жемқорлық туралы фактіні 1424 нөміріне хабарлауға болады. Саналы азаматтар туралы ақпарат құпия сақталады.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ