Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қауіпті ғой": Ақтауда аппақ киіммен жол үстінде отырған қыз жұрттың үрейін ұшырды (видео)

Ақтау қаласында көлік жүріп жатқан жолдың ортасында отырған қыз тұрғындардың үрейін ұшырды. Кадр podslushano_aktau паблигінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видео 28 шағынауданның қиылысында 26 қыркүйекте түсірілген. Ол жерден қыздың көлік жүріп жатқан жолдың қақ ортасында отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары "видеоға түсіргенше, тоқтап жағдайын сұрау керек еді", "шашынан сүйрейтін қыз екен", “полиция немесе жедел-жәрдем шақыртуға болмас па еді”, “айыппұл салу керек еді ғой”, “бірде-бір жаны ашитын адам табылмады  ма?”, “бұлай отырғаны қауіпті ғой” деген сынды пікір қалдырды.



Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның 21 қыркүйек күні болғанын анықтады. Қызды патруль қызметкерлері байқап қалған. 

Депараменттің хабарлауынша, патрульдік экипаж мүшелеріне бойжеткен кенеттен жағдайы нашарлап кеткенін айтқан. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырды. Қыз облыстық ауруханаға жеткізілді. 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр