Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны жасырын түрде енесінің атынан несие алып отырған

Күйеуінің ата-анасымен бірге тұратын әйел енесінен жасырып, оның атына несие алып отырған, – деп хабарлайды Риддер қалалық сотының материалдарына сілтей отырып Stan.kz сайты.

Бір жарым жыл бойы 31 жастағы Риддер тұрғыны күйеуінің анасының құжаттарын өз мақсатына қолданып келген. Ол интернет арқылы түрлі шағын несие беретін ұйымдардан енесінің атына несие рәсімдеген. Олардың жалпы сомасы жарты миллион теңгеден асады.

Әйел біраз уақытқа дейін ай сайынғы төлемді уақытылы төлеп келген. Уақыт өте келе белшесінен қарызға батқан. Жалпсы сомасы 60 мың теңге болатын екі шағын несие бойынша шамамен 80 мың теңге қарызданған. Мұнан кейін несие берушілер енесіне хабарласып, қарызын қайтаруды талап еткен. Басы бәлеге қалған енесі болған іске келінінің қатысы бар екенінен сезіктенген.

Енесі келінінің қарызын қайтарып, полицияға шағымданған. Алдау арқылы мүліктік шығын келтіру факті бойынша қозғалған іс сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша, әйелге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар материалдық залал келтіргені үшін,енесіне несиеге алған ақшаны толықтай қайтарып, моральдық залал ретінде 50 мың теңге төлеуі тиіс.

Сот процесі барысында енесінің атында тағы да екі несие бар екені анықталған. Олардың жалпы құны 130 мың теңгеден асады. Тағы бір сот процесі өтіп, әйелге 25 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Еліміздегі тойлардың бірінде орын алған оқиға жұртты күлдірді (видео)

Бауыржан Байбек жаңбыр кезінде Алматы көшелеріне тал отырғызды

Астанда АҚШ вице-елшісі аязға қарамастан велосипедпен жүр

Алматыда полиция қызметкері қыз зорлады деп айыпталды: белгілі болған мәліметтер қандай

Талқылау