Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық желіде полицейдің суретіне пікір жазғаны үшін сотталды

Прапорщиков ауылының тұрғыны полиция қызметкері суретінің астына пікір жазып кеткені үшін айыпты деп танылды.

56ac7e7979db3ef258f46be3a101aa30

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

Ауыл тұрғыны полицейдің қызметтік көліктің қасында тұрып түскен суретіне,оны  қорлайтын пікір жазған.

Глубоков аудандық полициясы қызметкерінің суреті ВКонтакте әлеуметтік желісінде жарияланыпты. Сурет кезекті патрулдік кезекшілік кезінде түсірілген.

Пікір қалдырушы – 29 жастағы тұрғын екен. Тәртіп сақшысының намысына тиетін пікір қалдырған авторды жылдам тауып, қылмыстық іс қозғалып, сот болған.

Билік өкілін балағаттағаны үшін ол енді 100 АЕК, яғни 226 900 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық әйел енесінің туған ұлын құлдыққа сатып жібергенін айтты

Әйелі сотталған қазақстандық азамат қызын тастап, көлікті алып қашқан

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Талқылау