Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны 500 мың теңге үшін кәсіпкер әйелді айуандықпен өлтірген

Шемонаиха тұрғыны 500 мың теңгеге үшін кәсіпкерлікпен айналысатын таныс әйелді айуандықпен өлтірген.

1184720

Фото: Табылды Қадырбеков

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысында ер адам кәсіпкерді аяусыздықпен өлтіргені үшін ұзақ мерзімге сотталды деп хабарлады облыстық сот.

Үкім мәтініне сүйенсек, әйел адамның жергілікті нарықта шағын бизнесі болған. Қанішердің қолынан қаза табар күні оның қалтасында жарты миллион теңгедей қаражат болған, жақын арада тауар алу үшін Монғолияға баруды жоспарлап жүріпті.  Ол құрбысымен басқа бір танысының үйіне соғып, соның әйелі бар – төртеу болып арақ ішеді. Әбден мас болған кәсіпкер қалтасынан ақшаны алып шығып, отырғандарға көрсетеді.

Өзге екі әйел ұйықтауға кеткенде, ер адам кәсіпкерге бірнеше рет пышақ салады. Удай мас құрбанның қарсылық көрсетіп, айғайлауға шамасы болмаған. Қанішер мәйітті бақшаға көміп, ақшаны алып кетеді. Келесі күні қарыздарын төлеп, ескі ВАЗ көлігін сатып алады, ал кешкісін үйіне полицейлер келген.  Полиция қызметкерлері пышақты тауып алған кезде, қылмыскер жасаған ісін мойындады. Сараптама нәтижелері де кісі өлтіргендігін айғақтады. Сот ер адамның бұдан бұрын да сотталғанын ескеріп, 16 жылға қатаң тәртіпті колонияға соттауға шешім қабылдады. Бұдан бөлек, әйелдің күйеуіне марқұмның жаназасын шығаруға көмек ретінде 1 миллион теңге, моралдік шығынды өтеуге 2 миллион теңге төлеуі тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде кондуктор мүгедек ер адамның автобустан түсуін талап еткен

Фермер көзіне шөп салған әйелінің басын шауып тастады (фото)

Күйеуі әйелін қағып өлтірген жүргізушіні аңдып жүріп атып тастады

Талқылау