Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны үйіне келіп темекі тартқаны үшін танысын ұрып өлтірді

Шығыс Қазақстан облысындағы Бородулихин ауданы, Михайличенково ауылындағы 25 жастағы тұрғын үйіне келіп темекі тартқан өз танысып ұрып салған.

39a79cfa-707a-4722-a8cc-1102d152c834_1

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Зардап шегуші тек бір жарым аптадан кейін ғана ауруханаға жатқызылған. Содан соң ол көп ұзамай аурухана төсегінде көз жұмады.

Кешкі уақыт кезінде екі жігіт үйде ішімдік ішіп отырады. Сол кезде қонақ жігіт тура үйдің ішінде темекі тұтатады. Үй иесі бұл жерде темекі тартпауын сұрап, ескерту жасайды. Алайда жас жігіт оған құлақ аспай, темекі тартуын жалғастыра берген. Осы сәтте үй иесі сөзден іске көшеді. Ол қонақты аямай ұрып тастайды.

Зардап шегуші қан-қан болып үйіне оралған. Әкесі болса ұлын тек бірнеше күннен кейін ғана ауылдық хирургтың қабылдауына алып келген. Дәрігер бірнеше таблетка мен ем-дом жазып беріп үйге қайтарады. Алайда жігіттің жағдайы төмендей береді. Бір аптадан соң әкесі аудандық ауруханаға алып келіп, жігітті ол жерден Семейге аттандырады. Бірақ, ем көмектеспей жігіт көз жұмған.

Тергеу кезінде күдікті жігіт танысын өлтіргісі келмегенін айтып, өкініш білдірген. Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырып, абақтыға жіберді.

Оқи отырыңыз:

Үлкен отбасының бес бірдей қызы зорланған

Шымкенттік әйел 60 жастағы көңілдесінің жалаңаш суреттерін пайдаланып ақша бопсалаған

Қазақ қызы Мысырдағы жігітіне қарызға берген 540 долларды қайтара алмай жүр

Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр

Талқылау