ШҚО-ның 4 ауданында табиғи өрттер өршіп барады
Төтенше жағдайлар департаменті Шығыс Қазақстан облысының бөлімшелері Күршім, Тарбағатай, Қатон-қарағай және Алтай аудандарында табиғи өрттермен күресті жалғастыруда. Орманды дала аймағының бес мың гектардан астам жерін өрт жайлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып.
Сурет: ТЖК
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Күршім ауданының Марқакөл орман шаруашылығында жағдай күрделі, өрттің аумағы 1 800 га құрайды.
Тілсіз жаумен күреске 278-ден астам адам жұмылдырылды. Суағар құрылғылары бар үш тікұшақ тартылған.
Алтай ауданындағы Зырян орман шаруашылығының өрт ошақтарын сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды. Мұнда жалын 1400 га жерді қамтыды, оған құтқарушылар 141 тонна су құйды.
Жалынды сөндіруге Катонқарағай ауданында МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары тартылды, онда өрт 1 900 га аумаққа жайылды.
Тарбағатай ауданындағы Құйған ауылдық округінің аумағында дала өрті сөндірілді. Орман аймағында өрттің таралуы 17,5 га алаңда тоқтатылды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр