ШҚО-дағы су тасқыны: Глубокоеда үйсіз қалғандарға 60 млн теңге бөлінді
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Глубокое ауданындағы Прогресс ауылында тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Тасқыннан баспанасы жарамсыз болған тұрғындарға үй сатып алу үшін 60 млн теңге бөлінетін болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Соңғы дерек бойынша Прогресс, Белоусовка, Предгорное және Глубокое кентіндегі 176 үйге арнасынан асқан өзен суы кіріп кеткен.
«Зардап шеккен азаматтар үшін мектептерде уақытша тұратын орын ұйымдастырылды. Екі күннің ішінде жағдайды бағалап, жұмыс істейміз. Кімде-кімнің үйі қирап, мүлдем іске жарамсыз болса, үй сатып алып береміз. Ол үшін ауданға 60 миллион теңге бөлінді. Барлық шығындарыңыз есептеліп, орны өтеледі. Бірақ, жағдайды пайдаланып, үйлерін өз қолымен қирату деген болмасын, – деді Даниал Ахметов.
Айта кету керек, тұрғындардың киім-кешек, азық-түлік сияқты тұрмыстық қажеттіліктері үшін кеше 10 млн теңге жолданған болатын.
Тағы оқыңыз:
Алматыда сыбайлас жемқорлықпен айыпталған қызметкер сот орындаушысы болып келген
Ақмола облысында полицейлер көпқабатты үйдің төбесінен секірмекші болған ер адамды құтқарып қалды
Ақмола облысында ер адам жоғары қуатты тоқ бағанасына шығып, сүйіктісіне көңіл білдірді (видео)
Астана тұрғындары сатушының таразыдан қалай жейтінін әшкере қылды (видео)