Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-дағы Шемонаиха ауданын су басып жатыр

ШҚО-дағы Шемонаиха ауданынының Верх-Уба ауылында апаттық-құтқару қызметі тағы бір топ адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.


«Су басқан үйлерден 65 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 13 бала бар. Тұрғындар уақытша туыстарының үйлеріне жайғастырылды. Таңертең адамдардың басым бөлігі өз баспаналарына қайта оралды»,-деп жазылған хабарламада.


Судың көбеюіне толассыз жауған жаңбыр мен жер қабатының тоң болып қатып қалуы себеп болған. Тау суының құйылуына байланысты Лосиха, Маралиха, Козлушка өзендері арналарынан асып кеткен.

Уба өзенінде сеңнің кептеліп қалуы да жағдайды қиындатып жіберді. Мұз кесектерін жүргізу үшін 720 келі жарылғыш заттар қолданылып, алдын ала  жару жұмыстары жүргізілді.

Судан ең көп зардап шеккен ауылдар қатарында Верх-Уба және Выдриха ауылдары. Мұнда он шақты үйді су басты. Убинка, Первомай, Ново-Ильинка, Рулиха, Октябрь ауылдарында бірнеше аулаға су кіріп кетті. Қазір қарғын суды сорып, құмқап төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Әскерден қашу үшін әдейілеп семірген жігіт сотталып кетті

Кемероводағы өрт: Орталық қызметкерлері балаларды құтқармақ болған еріктілерге кедергі болған

СІМ: Кемероводағы өрттен қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ

Ақтөбеде сотталып жатқан азамат ернін тігіп тастап аштық жариялады

 

 

 

 

 

 

Талқылау