Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жүкті әйелді дуалаушы деп айыптады

Өскемен полициясы жүкті әйелді тергеуге алып, 3 сағаттай жауап алды, деп жазады Stan.kz.

Қазақстанның адам құқығы жөніндегі халықаралық бюросының мәліметінше, полицейлер жүкті әйелдің адамдарды дуалаумен айналысатынын анықтамақ болған.

Құзырлы органға хабарласқан Сабина Ускокованың айтуынша, 25 мамыр күні оған полицейлер хабарласып, бөлімшеге келуін сұрайды. Ол жіберілген көлікпен емес, күйеуімен бірге бөлімшега барған.

Бөлімшеде тергеуші есікті жауып алып, жүкті әйелден жауап алады. Ол әйелден сиқыршылықпен айналысатыны қаншалықты рас екенін сұрайды. Дауыс көтеріп, сұрақтар қояды.

Кейін Сабинаға қатысты жазбаша арыз түспегені анықталды. Тек ауызша шағым болған. Қазіргі күйеуінің бұрынғы әйелі мен экс-әріптесі полицияға шағымданып, оның біреудің күйеуін дуамен қаратып алғанынын айтқан.

Жауап беруші әйел шу көтеріп, бөлімшеден ақыры шығады. Кейін облыстық ІІД жеке қауіпсіздік департаментіне хабарласып, шағымын айтады.

Тексеруден соң «инквизитор»-полицейлерді жауапқа тартты.

Сабинадан жәбір көрдік деп шағым айтқандар әзірге жауапқа татылмайды. Сот нақты дәлелдер талап етті. Алайда Сабина Ускокова әділдікке жетуді көздеп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау