ШҚО-да туристердің тамағын ұрлап жүрген аю видеоға түсіп қалды (видео)
Шығыс Қазақстан облысы, Поперечный ауылы маңындағы туристік базада аю көзге түсті.
Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.
Ролик 27 шілде күні түсірілген. Кадрда аюдың үстелде қалған тамақтарды алып жатқаны байқалады. Туристердің кетіп қалған сәтін пайдаланған аю, керекті тамақтарын алып орманға тайып тұрады.
“Жасы шамамен үшке келген жануар туристік базаға жиі келеді. Сол жерде тамақтанып, қалғанын өзімен бірге тасиды. Көбіне үстел үстіндегі заттарды алып кетеді”, – дейді аңшылар мен балықшылар бірлестігінің басшысы Владимир Денисов.
Ол сондай-ақ, жануардың тек тұтынушылық мақсатта келетінін айтты. Ол тамаққа құмартқаны болмаса, адамдарға шабуылдамайды екен.
“Ол әлі жас, күші де көп емес. Ол турбазаға үнемі келеді, бірақ адамдарға айбат шеккен емес. Ал бұл аюды атып тастауға ешқандай негіз жоқ”, – дейді Денисов.
Оқи отырыңыз:
Шымкент судың астында қала жаздады (видео)
Қытайда ұсталған студент қыз қазақстандық болмай шықты
Өзбекстанда ұсталған Семей тұрғыны отанына оралды
Кім кінәлі: Бұтақ құлап қайтыс болған баланың анасы оқиға туралы айтып берді