ШҚО-да түтінге тұншыққан бала кездейсоқ жандардың көмегімен аман қалды
Шығыс Қазақстан облысында үйінде ойыншықтарын өртеген алты жасар бала кездейсоқ аан қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті. Оқыс оқиға Зырян қаласындағы Ғарышкерлер көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Көшеден өтіп бара жатқандар көмекке шақырған баланың даусын естиді. Олар түтіндеп жатқан үй терезесінен баланы сыртқа алып шыға алмай тұрғанын байқайды. Куәгерлер өрт сөндірушілерді шақырады.
Кейін анық болғандай, бүлдіршін сіріңкемен ойнап отырып, ойыншықтарын өртеп алған. Өрт үй ішіне жайыла бастаған. Бала үйінде жалғыз болған. Өрт сөндірушілер үй есігін бұзып кіріп, баланы сыртқа алып шығады. Дәрігердің қарауынан өткен бүлдіршін қазі аман-сау күйде.
Тағы да оқыңыз:
Түркия спортшысы әлем чемпионы атанған қызға көпшілік алдында ұсыныс жасады
Еліміздің кей жерлерінде 36 градусқа дейін күн ысиды
Павлодар тұрғыны жас қызды зорлап, артынша өлтіргенін 17 жылдан кейін мойындады