ШҚО-да шенеунік қоластындағы қызметкерлерін «малдар» деп атаған
Облыстық сәулет құрылысы және қаланы көркейту басқармасының жетекшісі Мәди Отарбаевқа қоластындағыларға бейәдеп сөзбен ұрысқаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Мәди Жангелдіұлы оларды «қойлар» деп атаған.
Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.
ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігі облыстық департаменттің Әдеп жөніндегі кеңесі Мәди Отараевқа қатысты шағымды қарастырды. Отарбаев қызметкерлерге іссапараға бару жөнінде ауызша бұйрық берген. Алайда, бұйрық ресми түрде орындалмағандықтан және іссапарлық куәлік алмағандықтан қызметкерлер оның талабын орындамаған. Олар басшыларының сөзін диктофонға жазып алып, жоғары жақтағы басшылыққа шағым түсірген.
Жетекшінің өзінің айтуынша, оның бұлай айтуына қызметкерлерінің өз міндеттерін атқармағаны себеп болған. Алайда, басшы жұмысшыларды мал деп айтпағанын, ол тек малға қатысты мақал айтқанын айтады.
«Мен оларға «Керексіз малдарды не үшін ұстаймыз және оларға қойшы не үшін керек?» дедім. Мен өзімнің қатты ашуланғанымды мойындаймын. Алайда, мен үнемі іссапарда болатындықтан, қызметкерлерге жазбаша түрде іссапар бұйрығын рәсімдеу мүмкін бола бермейді. Сондықтан мен оларға ауызша айттым», – дейді Отарбаев.
Әдеп жөніндегі кеңес жоғарғы органдарға Отарбаевқа қатаң сөгіс жариялауды ұсынды.
Алайда, мемлекеттік қызметкерлер конкурстық комиссияның құрамына кірді, шенеуніктер конкурс нәтижесінде айыпталды. Сот шешімінше, басқарма басшысы 700 АЕК (1,5 млн теңге), орынбасары 100 АЕК (200 мың теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес басшылыққа қызметіне сай болмағаны үшін айыппұл арқалаған шенеуніктерді тәртіптік жазаға тартуды ұсынды.
Анна Сорокина
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбе облысының әкімдігі сарқырама мен 30 суретке тапсырыс берді
Елімізде жол тәртібін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдың мөлшері төмендетіледі
Министр хиджаб кигені үшін мектепке кіргізілмеген оқушыға қатысты пікір білдірді