Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да полицейдің жұбайы балаларын өлтіріп, соңынан өзіне қол салған

Шығыс Қазақстан облысында жаз айында болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

«Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу барысында полиция әйелінің өз балаларын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», – деп хабарлады ШҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Бақытжан Торғаев.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2017 жылдың 10 тамызында Қатонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында болған. Жергілдікті полицей жұмыстан келгеннен кейін әйелі мен екі қызын өлі күйінде тапқан. Он жасар және сегіз жасар қыздар пышақталған, ал 34 жастағы жұбайы сымға асылып тұрған. Олардың ауылдастары әйелдің балаларын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салуы мүмкін екендігін болжаған, деп хабарлайды YK-news.kz.

Алайда құқық қорғаушылар аталған оқиға бойынша ресми мәлімдеме жасамаған еді.

Тағы да оқыңыз:

Елбасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі»  жобасының жеңімпазына басшылық қызмет ұсынды

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Бекболат Тілеухан: Бізде өнер элиталық және “массовый” болып екіге бөлінеді

Талқылау