Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кәмелетке толмаған қыз танымал болу үшін мысықтың өлексесін бөлшектеп, желіге видеосын жүктеген

Мысықтың өлексесін бөлшектеген жасөспірім қыз

Фото: Stan.kz

Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қыздың өлі мысықты қорлап, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегені қоғамда үлкен резонанс тудырды. Желі қолданушылары оны қатаң жазалауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Устинка LIVE  порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірім түсірген бейнежазбалар әлсіз жүректі адамдарға арналмағаны анық. Мұндай контентті балаларға, жүкті әйелдерге және психикасы әлсіз жандарға көруге мүлде болмайды. Тіпті кадрдағы оқиғаны сипаттаудың өзі қиын.

Болжам бойынша, видео авторы 17 жастағы қыз, Риддер қаласында тұрған. Кадрда ол бейәдеп сөздер айтып, күліп, марқұм мысықтың салмағы мен толықтығы жайлы айтып отырады.

"Қазір оны ерітіп аламын, содан соң бөлшектеп жатқан сәтімді суретке түсіріп, тарататын шығармын", – деді видео авторы.

Желі қолданушылары бірауыздан бұл жайтты мұқият тексеріп, кінәлі адамға қатаң шара қолдануды талап етіп отыр
Шығыс Қазақстан полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Аталған факті бойынша 17 жастағы жасөспірім анықталды. Ол ата-анасымен бірге полицияға жеткізілді. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жасөспіріммен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме өткізілді, қолданыстағы заңнама талаптары мен заңға қайшы әрекеттер үшін туындауы мүмкін жауапкершілік туралы түсіндірілді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Материал жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Онда тиісті шаралар қабылданады. Полиция қызды іздеуге бір тәулікке жуық уақыт жұмсаған. Өйткені ол отбасы мүшелерімен бірге Риддерден басқа жаққа көшіп кеткен.


Оңтүстік Кореяда ит етін жеуге тыйым салынуына байланысты жарты миллион үй жануарына қауіп төніп тұр


Теміртауда ер адам ауладағы күшіктерді қатыгездікпен өлтірген (видео)


Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында белгісіз біреу үйдің ауласына күшікті тірідей көміп тастағанын жаздық. Оқиға Лисаковск қаласына жақын орналасқан Октябрьское ауылында болған. Жергілікті тұрғындар балконның астынан тірідей көмілген күшікті тауып алған. Суреттен күшіктің құлағында сырғасы бар анық көрінеді, бұл күшіктің вакцина салдырғанын және арнайы реестрге тіркелгенін білдіреді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 12:20
Талқылау
`