Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да күйеуінен таяқ жеген жүкті әйел жұбайын пышақтап өлтірді

ШҚО-да мас күйеуімен жанжалдасып қалған жүкті әйел жұбайын пышақтып өлтірді.

ШҚО-да күйеуімен жанжалдасып қалған жүкті әйел жұбайын пышақтап өлтірді

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ұшанов ауылының тұрғыны осыдан үш жыл бұрын азаматтық күйеуімен бірге тұра бастады. Осы уақытта отбасында екі бала дүниеге келді. Уақыт өте келе ер адам ішімдікке әуестеніп, отбасылық жанжалдар кезінде әйелін жиі ұрып-сабаған.

Ал бұл қайғылы оқиға әйел үшінші балаға жүкті болған кезде орын алып отыр. Жүкті әйел түсік жасату үшін күйеуінен ақша сұраған. Бірақ жұбайы оған қарсы қорлық сөздер айтып, ұрып-соғып, тіпті сақтануың керек еді деп айыптаған.

Содан жанжал кезінде күйеуінен әбден таяқ жеген ашулы әйел оған асхана пышағын ала жүгіріп, жұбайын өлтіріп қойған. Кейін күйеуінің тыныссыз жатқан денесін байқаған әйел, марқұмның әпкесіне телефон шалып, болған оқиғаны айтып берген.

Бұл іс облыстың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Жүкті әйел адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Бірақ сот оған жеңілдік жасап, оның жаза өтеу мерзімін қысқартты. Бес жылға бас бостандығынан айырылған әйел, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Бұл шешім әлі күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз:

Көршісіне алданып қалған 89 жастағы тыл ардагері пәтерін қайтарып алды

Батыс Қазақстанда 34 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Қытайлық консул түрмеде отырған оралмандарды құтқаруға уәде берді

Мыңжылдық тарихы бар Алматы ағашсыз қалуы мүмкін

Талқылау