Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көршісіне алданып қалған 89 жастағы тыл ардагері пәтерін қайтарып алды

89 жастағы Алевтина Щербакова өз құқығын қорғап, пәтерін сақтап қалды. Тыл ардагері пәтерін көршісіне қателесіп бергенін сотта дәлелдей алды. Ер адам қарт әйелге қамқорлық жасауға уәде берген. Бірақ 89 жастағы зейнеткердің сөзінше, ол ешқандай қамқорлық көрсетпеген. Оған қоса ол зейнеткерден алған пәтерді қызының атына тіркеп қойған.

Көршісіне алданып қалған 89 жастағы тыл ардагері пәтерін сот арқылы қайтарып алды

Бұл туралы 31 арна-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Мені дұрыс түсінгендеріңіз үшін рахмет. Мен өте қуаныштымын және бақыттымын. Қандай себеппен екені белгісіз, бірақ менің зейнетақым қайтарылмады. Мен өзімнің зейнетақымды алуға келісім берген емеспін. Ал олар 4 жыл, 4 ай  менің зейнетақымды өздері алып отырған»,-дейді тыл ардагері.

Көршісіне алданып қалған Алевтина Щербакова сал болып қалғандықтан, іс жүзінде қозғала алмайды. 89 жастағы зейнеткер осыдан төрт жыл бұрын мүлкін көршісінің атына аударып, сенімхат жазған екен. Ал зейнеткердің пәтерін иемденген көршісі Алевтина Щербаковаға қамқор болуға уәде беріпті. Сондай-ақ, ер адам осы уақытқа дейін әжейдің зейнетақысын өзі алып отырған. Бірақ тыл ардагерінің сөзіне қарағанда, ол оған мүлде ақша бермей, нашар тамақтандырған.

Сонымен қатар, ер адам үш жыл бұрын зейнеткердің атынан Алевтина Щербакованың пәтерін қызының атына аударып алған. Сот мәмілені бастапқы күйіне қайтарды. Пәтерді сыйлыққа беру шарты жарамсыз деп танылды. Ал зейнеткердің төрт жылғы зейнетақысы, яғни екі миллионнан астам теңгені қайтару туралы талапты сот қараусыз қалдырды. Себебі, әжей мемлекеттік баж салығын төлей алмаған екен.

Тағы оқыңыз:

Батыс Қазақстанда 34 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Қытайлық консул түрмеде отырған оралмандарды құтқаруға уәде берді

Мыңжылдық тарихы бар Алматы ағашсыз қалуы мүмкін

«Өмірім менің, кешір»: Қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады

Талқылау