Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мыңжылдық тарихы бар Алматы ағашсыз қалуы мүмкін

Алматыда ағаштарға залал келтіретін зиянды жәндіктер пайда болды. Бұл зиянкестер еменнің, қараағаштың, каштанның ұшар басына зақым келтірген. Жәндіктер осыдан бір жыл бұрын басқа елдерден алып келген көшеттермен бірге келуі мүмкін. Елімізге келген зинкестердің салдарынан ондаған ағаш жапырақсыз қалды. Сарапшылардың пікірінше, егер емдеуді қазірден бастамаса қаладағы ағаштар мен саябақтар жақын арада жасыл бейнесін жоғалтады. Бұл туралы КТК-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мыңжылдық тарихы бар Алматы ағашсыз қалуы мүмкін

Саябақтың орнына – шөл, ағаштардың орнына – құрғақ бұтақтар. Алматы ғалымдарының жақын болашаққа жасаған болжамы осы. Және осылардың бәріне кішкентай жәндіктер кінәлі болмақ. Жапырақтағы зиянкестерді тіпті химиялық заттармен де түсіре алмайды екенсің.

Қазір қаламыздағы ағаштар кеуіп жатыр және ағаштың ұшар басы толығымен бүлінген. Ал жаңадан отырғызылған ағаштар өскенше шамамен 20 жыл қажет. Егер зиянкестермен күресуді қазірден бастап қолға алмаса, олар қаладағы жүздеген жасыл кеңістікті жойып жіберуі мүмкін.

Мамандар зиянкестерден құтылу үшін қымбат биопрепараттар қажет екенін айтуда. Тіпті, оның бір келісі шамамен 10 мың теңге тұрады, ал ол бір гектарға да жетпейді дейді мамандар.

«Мыңжылдық Алматыға зиянкес жәндіктер қауіп төндіріп тұр. Қалада орта есеппен алғанда, жапырақтардың 70-90 пайызы бүлінген. Адамдар үшін олар қауіп төндірмейді. Бірақ оларға қарсы қолданылатын химиялық, синтетикалық препараттар нағыз у. Олар тіпті аққан ауруын тудыруы мүмкін»,-дейді биология ғылымдарының кандидаты Нұрғасым Ашықбаев.

Өсімдіктерді қорғау және карантин институты да бұл мәселені ерекше бақылауға алды. Қызметкерлер егер зиянкестерге қарсы препараттар болса, саябақтардағы ағаштарды тегін емдеуге дайын екендерін білдірді.

«Қалада көптеген ауру ағаштар бар. Зиянкестер жаңа отырғызылған жасыл желектерге де зақым келтіруде. Өз тарапымыздан біз өсімдіктерді сауықтыруға дайынбыз. Қаланың әкімдігі де ғалымдарды қолдап отыр»,-дейді Өсімдіктерді қорғау және карантин институтының директоры Абай Сағытов.

Бірақ әкімдіктің қаражатты қашан бөлетіні әзірге белгісіз. Жақын арада жоспарлар өсімдік мониторингі болып табылады. Айта кетейік, зиянды жәндіктер Алматыға ғана емес, Шымкентке, Атырауға, Ақтөбе мен Қызылордаға да шабуыл жасаған. Болашақта қай қалаға қауіп төніп тұр, ғалымдар бұны болжауға тырыспайды.

Тағы оқыңыз:

«Өмірім менің, кешір»: Қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады

Танымақ түгілі атын да білмеймін: Мәскеуде университет терезесінен құлаған Томирис Байсафаның өліміне кінәлілер әлі бостандықта жүр 

Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін

Көптен бері көрінбей кеткен Бейбіт Қорған жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)

Талқылау