Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да имам екі баласымен бірге суға батып кетті

ШҚО-ның Күршім ауданында құтқарушылар баласын құтқармақ болып суға батып кеткен имамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ШҚО-да имам екі баласымен бірге суға батып кетті

Қайғылы оқиға жексенбі, 29 шілдеде, Боран аулындағы Қара Ертіс өзенінде орын алған. Жергілікті имамның 8 жасар ұлы жабдықсыз жерде суға түсіп жүрген. Қатты ағыс салдарынан бала өзін басқара алмай, суға бата бастаған. Осы кезде 36 жастағы әкесі оны құтқармақ болып, суға секірген. Онымен бірге 19 жастағы ұлы да суға қойып беріпті.

Куәгерлердің сөзінше, бәрі аз ғана уақыттың ішінде болған. Өзендегі қатты ағыс салдарынан әкесі екі ұлымен бірге ағып кеткен. Артынша құтқарушыларға қайғылы оқиға туралы қоңырау түсіпті.

«Қазіргі уақытта тасқын салдарынан өзен суы лайсаң әрі ағысы қатты болып тұр. Кей жерлерде иірімдер же бар. Құтқарушылар моторлы қайық арқылы іздестіріп жатыр. Су астын барлық жерде бірдей іздеу мүмкін болмай тұр», – дейді Шығыс өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағының 9-бөлімінің басшысы Талғат Нұржанов.

Суға кеткен имам мен оның 2 ұлын іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да қосылды. Іздеу жұмыстарына 80 адам мен 11 қайық жұмылдырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау