ШҚО-да ер адам жанып жатқан үйге құжаттарын алуға кіріп, күйіп қалды
Шығыс Қазақстан облысында ер адам жанып жатқан үйге құжаттарын алу үшін қайта келіп, күйіп қалды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
«Бүгін түнде Зырянов ауданы Зубовск кентінде өрт шықты. 58 жастағы ер адам дәліздің жанып жатқанын байқап, үйден шығып кеткен.
Бірақ, кейін үйде құжаттары мен бағалы заттарының қалып қойғаны есіне түсіп, ішке кіреді. Жанып жатқан дәлізден өткенде оның беті, қолы мен аяғы күйіп қалған», – делінген хабарламада.
Өрттің шыққанын байқаған көршілері өрт сөндірушілерді шақырған. Өрт сөндірушілер апат орнына 20 минутта жеткен.
«Біз келгенге дейін зардап шегуші көршілерінен қалалық ауруханаға жеткізуді сұраған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 50 минут қажет болған. Екі өрт сөндіру машинасы мен жеке құрамның 5 адамы жұмыс істеді. Өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрайды», – деді №3 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ержан Өмірбаев.
Оқи отырыңыз:
700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ
Алматыда букмекерлік кеңсе ұтыс ұтқан клиентіне 62 млн теңге төлейтін болды
Павлодарда мұғалім оқушының алтын бұйымдарын алдап алып қойған