Павлодарда мұғалім оқушының алтын бұйымдарын алдап алып қойған

Сәрсенбі, 22 Қараша , 2017 10:40

Павлодар облысына қарасты  Екібастұз қаласында 11 сынып оқушысының алтын бұйымдарын алдап, алып алған физика пәнінің мұғаліміне қатысты тергеу  жұмыстары басталды.

Бұл туралы  Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінде физика пәнінің мұғаліміне қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Күдікті 11 сынып оқушысының сеніміне кіре отырып, анасының сырқаттанып қалғанын айтып, оның алтын бұйымдарын сұрап алған. Алтын қолына түскеннен кейін ол бұйымдарды ломбардқа өткізіп, 240 мың теңге алған», – деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

Оқушы бірнеше рет алтынын қайтарып алу туралы мұғалімге өтініш білдіргенімен, қайтара алмапты. Ақыры, бұл жағдай туралы Instagram-дағы парақшасына жазған. Қазіргі уақытта барлық алтын бұйымдар оқушыға қайтарылып, алаяқ мұғалім заң алдында жауап беретін болды.

Оқи отырыңыз:

Әли Оқапов: Анам әлі күнге дейін барлық үй шаруасымен өзі айналысады

Жұлдыздар көпшілік біле бермейтін қорқыныштары туралы айтып берді

Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы-2017» байқауының финалына жолдама алды (фото)

Әнші Алтынай Жорабаева екінші рет күйеуге шықпайтын болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар