Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы-2017» байқауының финалына жолдама алды (фото)

Қазақстандық Гүлбану Әзімханова Қытайда өтіп жатқан «Әлем аруы» сұлулық байқауында ең үздік 40 қатысушы қатарына кірді, – деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы ұлттық байқаудың Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімденді.

«Бастапқыда 118 қатысушы жеребе арқылы 20 топқа бөлінген. Әр топпен жеке сұхбат жүргізілген. Мұнан кейін жанкүйерлері қосымша арқылы өзіне ұнаған қатысушыға дауыс берді», – деп жазылады хабарламада.

Ендігі «Қазақстан аруы-2016» 19 жастағы Гүлбану өзге де 39 қатысушымен бірге «Әлем аруы» атағы үшін бақ сынасады.

Естеріңізге сала кетсек, Гүлбану Әзімханова «Қазақстан аруы-2016» байқауында көрермендердің тікелей эфирде дауыс беруі арқылы бас жүлдеге ие болған.

Оқи отырыңыз:

Әнші Алтынай Жорабаева екінші рет күйеуге шықпайтын болды

Димаш Құдайберген Голливудта жүлделі орынға ие болды

Абай Бегей: Ұзатылған қызыма енді көп хабарласа бермей күйеуіңе, ата-енеңе қара дедім

Қазақстандағы ең танымал өнер иелері Сивиге не сыйлағандарын айтты (фото,видео)

Талқылау