Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да ер адам өз анасын өлгенше сабады

Шығыс Қазақстан облысында ер адам өз анасын аяусыз сабап өлтірген.

zannbtyghhhjpg341

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

Ер адам өз кінәсін мойындаудан бас тартып отыр. Ол анасы кездейсоқ жағдайда қайтыс болды дейді. Сотта әкесі де айыпталушының сөзін жақтаған.

Қайғылы оқиға Бөкебай ауылында болыпты. Ішімдік ішіп отырған 31 жастағы ер адам 58 жастағы анасымен сөз таластырып қалады. Әйел ұлы мен оның әйеліне тіл тигізген соң ұрыс туындаған.

Ер адам әйелді қатты итеріп жіберген кезде ол жерге баспен құлап, басын кереуетке соғып алады. Сосын ұлы анасын басынан бірнеше рет ұрған соң, егде әйел есінен танып қалған. Зардап шегуші орталық ауруханаға жеткізіліп, үш күннен соң қайтыс болды.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындамай қойды. Туған анасына қол жұмсамайды деген әкесі баласын жауапкершіліктен босатуды сұраған. Алайда сараптама ер адамның әйелді аяусыз ұрғанын дәлелдеп беріпті.

Бесқарағай аудандық соты ер адамды айыпты деп танып, оны 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз:

Оралда екі автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендер саны 45 адамға жетті

Танымал қазақстандық байкер Дмитрий Петрухин жол апатына түсті

ШҚО-да түтінге тұншыққан бала кездейсоқ жандардың көмегімен аман қалды

Павлодар тұрғыны жас қызды зорлап, артынша өлтіргенін 17 жылдан кейін мойындады  

Талқылау