ШҚО-да екі бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды
ШҚО-да екі бала кәріз құдығына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, бірінші қайғылы оқиға Өскеменде 7 маусым күні болған. Сонымен қатар 9 маусымда Глубоковский ауданында тағы бір бала құдыққа түсіп кеткен.
"Облыс орталығында үш жасар қыз аулада ойнап жүріп, кәріз құдығына түсіп кетті. Қыз бірден ана мен бала орталығына жеткізілді. Бірақ ол ауруханада көз жұмды", – деді ШҚО полиция департаменті.
- Кәріздегі жанып жатқан судың видеосы қостанайлықтарды шошытты
- Ақтауда оқушы кәріз құдығына құлап, екі аяғын күйдірді
Екі күннен кейін Глубоковский аудандық полиция бөліміне үш жастағы бала жергілікті жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.
Үйдің артында ойнап жүрген бала, кәріздің қақпағын басып, құдыққа құлап кеткен. Нәтижесінде бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі