ШҚО-да "Азаматтарға арналған үкімет" шенеунігінен 7 келіге жуық алтын тәркіленді: Ол заңсыз алтын өндірумен айналысқан

Видеодан скриншот
Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ұлан ауданы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеу жүргізіп, заңсыздықты анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Азаматтарға арналған үкімет" директоры орынбасарларының бірі басқа адамдармен бірге әрекет ете отырып, кен орнын заңсыз игеруді ұйымдастырғаны анықталды. Осы мақсатта олар өз бақылауындағы "EastGoldStone" ЖШС-ін тіркеп пайдаланған.
Алтын өндіру екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасына араласу арқылы жүргізілген.
“Атқарылған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал 300 млн теңгеден асты. Тінту барысында жалпы құны 382 миллион теңге болатын 6,7 келі алтын, 10 млн теңге және 56 мың доллар қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл қаражатқа сот санкциясымен бұғаттау қойылды”, – делінген хабарламада.
Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді