Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 500 миллион теңгеге жуық қаржыға ауа сапасын тексеретін жылжымалы станция сатып алынбақ

жиналыс өскемен

Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде Өскемендегі экология мәселесі бойынша жиналыс өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Баяндама жасаған ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Арман Есентаевтың айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында мониторинг жүйесі алынбақ. Мемлекеттік сатып алу порталында құны 498,5 миллион теңге жүйені сатып алу туралы хабарландыру жарияланған. Келісімшарт қол қою кезеңінде тұр.

"Экология департаментін мобильді зертханамен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Бұл мақсатта "Халық банкі" АҚ мен "Топан" ЖШС арасында 17 шілдеде құны 65,5 миллион теңге болатын арнайы жабдықталған ГАЗель базасындағы экологиялық мониторинг жүргізуге арналған жылжымалы станция сатып алуға келісімшарт жасалды. Қажетті төлемдер толық жүргізіліп, қазір станция жинақталу сатысында. Қараша айында Өскеменге жеткізіледі деп жоспарланып отыр", – деді Есентаев.


Қазақстанда үш қаланың тұрғындарына ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жасалды


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы іс-шаралар жоспары әзірленген. Сол жоспарда барлығы 27 шара қарастырылған.

Сондай-ақ жиын барысында қала әкімінің орынбасары Ирина Смит, "Өскемен тынысы" экологиялық қорғау бюросының жетекшісі Елена Березинская-Абилова атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баян етті.

"Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде жедел шаралар қабылдау үшін тиісті жұмыс алгоритмін әзірлеу керек. Халыққа дер кезінде ақпарат таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер", – деді облыс әкімі.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 28 Қазан, 2025 15:20
Талқылау